ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ КЕЗДЕСТІ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ КЕЗДЕСТІ
 
Төлеби ауданынан Ұлы Отан Соғысына 10862 жауынгер қатысса, елін, жерін жау қолынан сақтаймын деп мерт болып, ұрыс даласында қаншама қандастарымыз қаза болды. Кейіннен мемлекеттімізді қайта құру үшін ызғарлы аяз, аптап ыстық бен ауыр жұмыстың нәтижесінен денсаулықтары сыр беріп, көптеген Ұлы Отан соғысының жауынгерлері бақилыққа аттанды. Уақыт өз еншісін алмай қоймайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Бүгінде Төлеби ауданында Ұлы Отан соғысының екі ардагері бар арамызда. Олар Жеңістің 77 -ші көктемін қарсы алды.
 
 
Ғасыр құрдасы атанған Рысмет Жұмағұлов қарияның ұрпақтары атасының құрметіне дәмханада кездесу ұйымдастырып, оған аудандық мәслихат хатшысы ретінде, Ленгір қаласының әкімі Нұргелді Клушев, "Жастар ресурстық орталығының" директоры Пердебек Ескуловпен бірге  қатыстым.
 
Бұған қоса, ардагер Александра Капустина, аудандық мәслихат хатшысы ретінде , қала әкімі Нұргелді Өсербайұлы, "Жастар ресурстық орталығының' директоры Пердебек Сержанұлы, қала әкімдігінің қызметкері Вера Семёновна бірге кездесуге бармас бұрын Ленгір қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке «Ерлікке тағзым» жастардың әскери-патриоттық форумы аясында гүл шоқтарын қойдық. Мәңгі алау оты жағылды.
 
Кездесуге келген қос қария Рысмет Жұмағұлов пен Александра Капустина өзара пікірлесіп, жағдай сұрасып, марқайып қалды. Қос қария оларға жасалған құрмет пен ықыласқа ризашылығын білдірді.
 
 
Қос ардагердің өмір жолына тоқтала кетсек,
Жұмағұлов Рысмет 1921 жылы 10 ақпанда Ленгірде туылған. 5 кластық білімі бар. 1934 жылдан бастап 1942 жылға дейін Георгиевка колхозында еңбек еткен. 1942 жылдан 1943 жылға дейін Ұлы Отан соғысында болып, Сталинградты қорғауға қатысқан. 1946 жылдан 1974 жылға дейін күзет бөлімінде қарауыл, қосалқы шаруашылықта жұмысшы, 1974-1976 жылдары «Фосфор» зауытында зейнеткерлікке шыққанша еңбек еткен. «Отан соғысы» орденімен, «Маршалл Г.К. Жуков», мерекелік медальдармен марапатталған.
 
Ал, Капустина Александра Петровна 1922 жылы 24 желтоқсанда Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Покровка селосында туылған. Ленгірдегі №5 мектепте оқыған. «Ленгеруголь» мекемесінде жұмыс істеген. 1942 жылы мамыр айында әскерге шақырылады. №11 әуе күштерінде парашют жинаушы болып қызмет еткен. Шені - сержант. 1949-1956 жылдары партия комитеті хатшысы, 1970 жылға дейін шахтада кадрлар бөлімінің бастығы болып істеген. II-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Кутузов», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
 
Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "AMANAT" партиясының мүшесі