ҮГІТ-НАСИХАТ СЕНБІЛІГІ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҮГІТ-НАСИХАТ СЕНБІЛІГІ ЖҮРГІЗІЛДІ
2021 жыл 20 қараша күні, Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және Төлеби ауданындағы №5 өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп, Төлеби ауданы Қызыл әскер және Екпінді ауылына қарасты тұрғын үйлерге тұрғындардың улы газдан улануын алдын-алу мақсатында, жылыту маусымы кезінде улы газдан уланудан сақтану тақырыбында Төлеби ауданындағы №5 ӨСБ және №16, №32 өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрам қызметкерлері кезекті үгіт-насихат сенбілігін жүргізіп, арнайы дайындалған түсіндірме парақшалары таратты.
 
Құрметті аудан тұрғындары, өкінішті жағдайға тап болмау мақсатында, жылыту маусымы кезінде, пештеріңізді және мұржаларыңызды тазалап, көңіл бөлулеріңізді сұранамыз.