ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ-1

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ-1
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Төлеби ауданында алтыншы жыл қатарынан «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шараны аудандық мәслихат депутаты Ермаханбетова Мадина Сайфуллақызы ұйымдастырып, халық қалаулылары демеушілігімен 100 балаға арнап дастархан жайылды.
 
Акцияның өтуіне аудан әкімдігі мұрындық болып, мүмкіндігі шектеулі балалар қыс мезгіліне арналған киімдермен толық қамтылды. Аудан әкімі Төлеген Телғараев айналасына жылулық шуағын шашып жүрген, кең жүректі жомарт азаматтарға алғысын жеткізді. Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров іс-шараның маңыздылығын түсіндіріп, жас өрендерге жасаған қамқорлық, жарқын болашақтың негізі екендігін айтты.
 
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев жомарт азаматтарға алғысын айтып, балаларға ақ батасын берді. Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Жандосова Баян қайырымдылық жасаған азаматтардың игілікті ісіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай мұқтаж жандардың қажеттіліктеріне немқұрайды қарамай, жанашырлық танытқандарға рахметін айтты. Қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына азық-түлік пакеттері таратылды.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі