ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Төлеби ауданының Көксәйек ауылдық округінде орналасқан «ADS agro» ЖШС мал бордақылау алаңын кеңейтіп, жылқы санын көбейтуді қолға алған. Кәсіпкер Пірімхан Жүнісов бұл саланы дамыту үшін мемлекет көмегіне жүгінген. Серіктестік алғашқы жұмыс бастаған кезде «ҚазАгро» қаржы ұйымынан 214 млн теңге несие алып, мал бордақылау мақсатында ірі қара сатып алған. Кейіннен, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 536 млн теңге несие алып, жылқы басын көбейтуді қолға алған. Қазіргі таңда серіктестік 18 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтуда. Жалпы 18 гектар аумақта орналасқан кешенде қазіргі таңда 1200 бас бие және 80 бас айғыр өсірілуде. Кәсіпкер 2022-2023 жылдарға дейін жылқы санын 3000-ға жеткізуді көздеп отыр.
 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі