МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
 
 
Қазіргі таңда заман талабына сай мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.
Осыған байланысты, «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап өткен. Бүгінде Елбасы тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударылуда.
 
Төлеби ауданы әкімі аппаратына қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер жұмысын насихаттау мақсатында біршама іс–шаралар атқарылды. Бөлім қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығында, халықтық кеңседе, халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызметті алу жолдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудан тұрғындарына Электрондық үкімет порталы жөнінде әңгімелеп, egov.kz сайтының жұмыс істеу принциптерін әңгімеледі.
 
Электрондық үкімет порталы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бір терезе принципі бойынша жеңілдету мақсатымен құрылған. Бұл мемлекеттік орындардың барлық ақпараттық ресурстарына қолжетімділіктің бір нүктесі: үкіметпен ашық диалог, құпиялылық, мемлекеттік орындар мен азаматтардың кері байланысын орнату мақсатында іске қосылған.
Төлеби аудандық әкімдігіне қарасты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бөлімдердің мамандары тарапынан, сәулет, жер қатынастары, білім, әлеуметтік, ауыл шаруашылығы салалары және Электронды Үкімет egov.kz веб-порталы қызметтері бойынша консультациялық кеңестер берілді. Бүгінгі күні 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында 13 655 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
 
Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау болып табылады.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі