ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭТАПЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТЕДІ

ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭТАПЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТЕДІ
2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасында үшінші рет кезекті Ұлттық халық санағы басталды. Бірінші рет біздің облыстың тұрғындары халық санағына өз бетінше онлайн жүйеде қатысады. Респонденттерге Sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында (санақ сайтына egov.kz арқылы және мемлекеттік органдардың сайтынан Aitu қосымша арқылы өтуге болады) онлайн форматта, виртуалды Sanaqman көмекшінің көмегімен өздігінен санақтан өтуге және өзі, отбасы мүшелері үшін санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді. Сайт тұрғындарға олардың тұрған жеріне қарамастан өздігінше санақтан өту үшін 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болып тұр.
 
Интервьюерлердің электронды планшеттерді пайдалана отырып үйлерді аралап, тұрғындарға жаппай сауал беру арқылы өтетін санақтың дәстүрлі форматы, ағымдағы жылдың қазан айының 1-30 аралығында жүргізіледі.
Үстіміздегі жылдың 13 қыркүйегіндегі жағдай бойынша біздің облыста 149460 респондент немесе халықтың 7,2%-ы онлайн санақтан өтті. Халқының саны 2 миллионнан асатын Түркістан облысы үшін бұл әрине, өте аз. Статистика органдары тұрғындарды санақты онлайн режимде өтуге шақырады.
 
Санақты онлайн түрде оңтайлы өту үшін, интернетке қосылған компьютерлер қойылған мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында арнайы санақ пункттері ұйымдастырылған.
Санақ анкеталарын толтыру процессінің жеңілдетілуімен қатар, респонденттерге өздерінің денсаулығы үшін қауіптенудің қажеті жоқ, өйкені санақ персоналдары вакцина салдырған және қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген.
 
Санақтан өткен соң респондентке кодымен СМС хабарлама келеді, оны сақтап қою қажет және қазан айында дәстүрлі әдіспен үйлерді және пәтерлерді аралап келген сұхбатшыларға көрсету керек болады.
Түркістан облысы бойынша статистика Департаментінің қызметкерлері санақты онлайнда өткен азаматтарға белсенділік көрсеткендері үшін алғысын білдіреді және өтпеген азаматтарды санақты онлайн режимде өтуге шақырады.
Санақтан өту мезгілінде, барлық сұрақтар бойынша мобильдік номерден call-центрдің тегін 8-8000800878 телефон номеріне және стационарлық номерден 1446 номерге байланысып, кеңес алу қарастырылған.
Қазақстанда әркім маңызды!
 
Түркістан облысы бойынша статистика Департаменті