БИЫЛҒЫ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ?

БИЫЛҒЫ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ?
«Қазақстанда әркім маңызды». Биылғы жылы өтетін кезекті халық санағының ұраны осындай. Халықтың өсу динамикасын ғана емес, тұрмыс-тіршілігін, экономикалық-әлеуметтік ахуалын анықтауға бағытталған шараның маңызы зор.
Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында тәулігіне 24 сағат бойы онлайн режимде өтуде.
Елімізде үшінші рет өтіп жатқан Ұлттық халық санағы екінші, дәстүрлі әдісі сұхбатшылармен жаппай аралау арқылы белгіленген мерзімде онлайн режимде санақтан өтпеген тұрғандар арасында 1-30 қазан аралығында планшеттерді пайдалану арқылы өткізілетін болады.
Бүгінгі еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты короновирустың таралып кету қаупін төмендету мақсатында халықтың бір бөлігін санақтан онлайн режимде өткізу тиімді болып отыр.
Еске салсақ, БҰҰ-ның халық санағы раундын барлық қатысушы елдердің өткізуі туралы ұсынымдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі 2019 жылғы 19 маусымда «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» №419 қаулы қабылдады. Пандемиялық жағдайға байланысты, 2020 жылғы 16 қыркүйекте №587 қаулымен өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының кезекті ұлттық санағы өткізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі