ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ОНЛАЙН ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ОНЛАЙН ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Елімізде орын алған эпидемиологиялық ахуалға байланысты «Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен өтіп жатқан Халық санағына онлайн өтуге мүмкіндік жасалып отыр. Төлеби ауданының әкімі Төлеген Тұртайұлы, азаматтық белсенділік танытып, санақтан онлайн өтті. Сондай-ақ, аудан әкімдігі қызметкерлері де бұл шарадан тыс қалған жоқ.
Қазіргі кезде карантин талаптарын сақтай отырып, үйден шықпай-ақ, Төлеби ауданының халқын, аудан тұрғындарын Халық санағына онлайн қатысуға шақырамыз. Респонденттерге санақтан онлайн режимде өту үшін бірнеше платформа қарастырылған. Олар sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталында тіркелу және Aitu мобильді қосымшасы. sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.
Сондай-ақ, азаматтардың ыңғайлылығы үшін санақ бұрыштары қала, ауылдық округ әкімі аппараты ғимараттарында орналастырылған. Ол жерде респонденттерге санақтан онлайн режимде өтуге консультанттар көмек береді. Еліміздің ертеңі үшін, «Халық санағына» бір кісідей атсалысайық.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі