Шағын ғана кәсіп ашу үшін «Даму» Қорынан қандай қолдау ала аласыз?

Шағын ғана кәсіп ашу үшін «Даму» Қорынан қандай қолдау ала аласыз?

Шағын ғана кәсіп ашу үшін «Даму» Қорынан қандай қолдау ала аласыз?

Егер сіз микро-, шағын кәсіпкерлік субъекті санатына жатсаңыз және бизнес-жобаңызды жүзеге асыруға 20 млн теңгеге дейін қаржы қажет болса, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы (1-бағыты) аясында қолдау алыңыз.

 

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жылына 6%-бен (субсидия есебінен) несие алып, банк талап еткен кепіл затыңыз жетпеген кезде «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланыңыз. Бағдарламаның артықшылықтары көп. Мысалы:

✔Бизнестің саласына шектеужоқ

✔Қор өтінімді қысқа уақытта қарастырады

✔ ЕДБ/МҚҰ және Қорға аз құжат өткізесіз

 

📌 Бағдарлама аясында субсидиялау шарттары:

🔸 Максимал сома:

▪️  инвестицияға - 20 млн тг дейін

▪ айналым қаражатын толықтыруға - 5 млн тгдейін

🔸 Сыйақы мөлшерлемесі – субсидия есебінен 6%

🔸 Субсидия мерзімі:

▪️  инвестицияға – 3 жыл

▪ айналым қаражатын толықтыруға - 2 жыл

 

Бағдарлама аясында кепілдік алу шарттары:

🔸 Максимал сома:

▪ инвестицияға - 20 млн тг

▪ айналым қаражатын толықтыруға - 5 млн тг

🔸 Кепілдік көлемі: несие сомасының 85%-ы

🔸 Мерзімі: несие мерзімінен аспайды

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы (1-бағыты) аясында субсидия/кепілдік алуды қадам-қадам бойынша түсіндірер болсақ:

 Портфель субсидия/кепілдігін алу үшін кәсіпкер:

1) ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыру сұрап өтінім береді.

2) Жобаны кешенді түрде сараптамадан өткізген соң ЕДБ/МҚҰ тарапы оң шешім шығарса – «Даму» Қорына несие шарты мен қабылданған шешім жайлы ескерту-хатты жолдайды

3) Содан кейін Қор кепілдік міндеттемесін ұсынып, банк-кәсіпкер-Қор арасында субсидия жайлы үш жақты шарт жасалады.

 

 Бағдарлама шарттарымен толығырақ танысу үшін Қордың сайтына https://damu.kz/programmi/ сілтемесі бойынша кіру керек.  Сондай-ақ қосымша сұрақтар болған жағдайда 1408 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады.

📍 «Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!