Егер сіз жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын жоғалтсаңыз, сізге Egov.kz көмектеседі. Электрондық үкімет порталында телнұсқа жасатуға өтінімді онлайн режимінде беруге болады. Ол үшін порталда авторизациядан өтіп, «жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын алуға электрондық өтініш беру» қызметін табыңыз. Әрі қарай бірнеше әрекет жасау керек.
Белгіленген уақытта сіз құжатты онлайн жүктеп ала аласыз. Құқық белгілейтін құжаттар ретінде жалдау, цессия келісімдері жарайды. Құжаттардың толық тізімімен Egov.kz порталында танысуға болады. Қызмет ақылы, оның құны мүлкіңіздің ауданына байланысты.