ЖАҢА ЗАҢНАМА – ЖАРИЯ-ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛАДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ

ЖАҢА ЗАҢНАМА – ЖАРИЯ-ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛАДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексі 2020 жылы 29 маусымда қабылданды және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

ҚР Жоғарғы Соты және ҚР Әділет министрлігінің білікті заңгерлері шетел және бұрыңғы кеңестік мемлекеттердің халықарлық стандарттарға сәйкес тәжірибелеріне сүйене біздің елімізде аталған Кодекстің қабылдануына көп жұмыс жасады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексінің қабылдануы- біздің еліміздегі елеулі оқиға.

Кодекс-құқықтық мемлекеттің маңызды атрибуты, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тің сенімді тірегі десек те болады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексі өзара екі байланыс нысандарының қызметін, яғни әкімшілік актіні қабылдау рәсімі мен оны даулау процесін көрсетеді.

Кодекс жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыруды; жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізуді; тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз етуді; жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайтуды қамтамсыз етеді.

Нақтырақ айтқанда, Кодекстің негізгі мәні тұлғалардың әкімшілік органға жүгінуі нәтижесінде қабылданатын әкімшілік акті, оны орындау, заңсыз актіні заңсыз деп тану, жоюмен байланысты әкімшілік органдарының қызметі, сондай-ақ әкімшілік орган және соттың дауларды шешу тәртібі болып табылады.

Кодекстің тағы бір жаңашылдығы ендігі жерде сотта әкімшілік іс қаралғанда дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетін болады. Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс.

Жаңа кодекс бойынша азамат мемлекеттік органның шығарған әкімшілік актісімен келіспейтіні туралы «талап қоюмен» жүгінсе жеткілікті. Сот талап қоюшыға талап қоюды дұрыс толтыруға, формальды қателерді түзетуге, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеп, өзінің шығарған шешімінің орындалуын бақылайды.

Осы жерде Кодекстің жаңашыл қағидаты «соттың белсенді рөлі» қағидаты жұмыс жасайды, яғни сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелер жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.

Кодекс әкімшілік органдарға әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйымдарға жария құқықтық қатынастарды жүргізу барысында үлкен жауапкершілік жүктейді.

Құлымбет Үрмия Манатқызы Түркістан облысының Әділет департаментінің бас маманы

 

Жаңа кодекс жаңа жетістіктерге жетелей берсін!

29-маусым 2021 жылы Президент қол қойған Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2021 жылдың 1-шілдесінен бастап күшіне енеді.

Кодекс төрт бөлімнен, яғни жалпы бөлім, Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері, Әкімшілік рәсім және Әкімшілік сот ісін жүргізуге арналған.

Кодекс жиырма тоғыз тараудан және бір жүз жетпіс бес баптан тұрады. Жаңа кодекс жеке адам мен заңды тұлғаның мемлекеттік органға немесе лауазымды иелеріне қарсы өзінің құқықтарын дұрыс қолдануына жақсы мүмкіндіктері болады-деп санаймын, өйткені өзінің құқығы бұзылды деп санаған жеке азаматтар қоғамда туындаған даулардың кейбіреулеріне келіспей, лауазым иелерінің іс-әрекеттерін даулап, қабылдаған шешімдерімен келіспестен шағым түсіріп жатады. Көп жағдайларда азаматтар өз құқықтарын сотта жоғары деңгейде қорғай алмайды, өйткені лауазым иелерінің іс-әрекеттері азаматтық- процестік заңдары аясында қаралғандықтан, азаматтық-процестік заңнаманың талабына сай тараптар тең болып танылады, ал жеке азаматтардың арнайы заңгер маманы болмағандықтан, тараптар тең деген түсінік бойынша мемлекеттік органдар дауды қарау бойынша тиісті орындарға қатысу үшін өздерінің заңгерлерін жібереді, қаралып отырған даулар бойынша заңгер мен жеке адамдардың мүмкіндігін салыстыру қиын, өйткені қарапайым азамат пен заңгер арасында теңсіздік туындайды. Жеке азамат заң талабына сай әр тарап өз дәлелін сотта дәлелдеу құқығын жүзеге асыра алмауы мүкін.

Жаңа кодексте судьяға жана өкілеттістер мен құқықтар берілген, яғни, судья әкімшілік істің нақты және заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы, ал алдыңғы заң бойынша судьяға ондай құқық берілмеген болатын, судья іске байланысты өз пікірін айтуға тиіс емес болатын. Іске төрағалық етуші судья берілген талап-арыздың қателігін түзету туралы талапкерге ұсыныс жасай алмауы себепті қабылданған шешімдер шағымдану сатыларында бұзылып немесе өзгертіліп жататын еді, ал жаңа Кодекске сәйкес істі жан-жақты әрі әділ шешім қабылдау үшін іске төрағалық етуші судьяның белсенді рөлі болады.

Жаңа кодексте сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинай алады. Сондай-ақ

әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады, осылайша іске төрағалық етуші судьяның азаматтың талап-арызын түзетуге, оған құқықтық жағынан қолдау көрсетуге мүмкінгі болады, яғни әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуге құқылы. Бұл заң аясында судьяға жаңа өкілеттіктер мен құқықтар беріліп отыр, яғни, судья әкімшілік істің нақты және заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Бұрынғы заң бойынша судьяға ондай құқық берілмейтін. Судья іске байланысты өз пікірін айтуға тиіс емес болатын. Жаңа кодексте татуластыру рәсімдері кеңінен қамтылған. Тараптар дауды татуласу, медиация не партисипативтік жолымен аяқтауға шешімге келсе, онда келісім жазбаша түрде жасалады, оған екі тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды. Судья дауды процесс барысында реттеуге көмектеседі, тараптардың татуласуы үшін қажетті шаралар қабылдай алады.

Адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын келісімдерге де жол берілмейді, татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім бойынша келісім не оның шарттары заңға қайшы келген жағдайда, сот оны бекітпей тастайды, тараптар өзара татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсімге келісім бермесе немесе сот келісімнің шарттарын бекітпесе, әкімшілік істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіліге жатады.

Жаңа кодекс тараптардың өзара келісімге келуін, бір-бірімен татуласуын басты шарт ретінде қарастырған. Жаңа Заңның гуманитаралық бағытын, заңнаманы одан әрі ізгілендіру ісінің нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Жаңа кодекс жоғарыда аталған теңсіздікті жою үшін елімізде қабылданып отыр және ел қажеттілігіне жарайды-деп санаймын.

Республикалық адвокаттар алқасының, Түркістан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, Келес аудандық заң консультациясының меңгерушісі, адвокат Бейсенов Артыкбай

 

Заманға сай қабылданған Кодекс

 Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі (әрі қарай - ӘРПК)  керек жерде,  керек кезде қабылданған Кодекс, - деп білемін. Қоғам бір орында тұрған жоқ. Адамзат барлық салада прогресске ұмтылуда. Әр салада өзіндік жаңашылдықтар пайда болуда. Өзіміз күнделікті қолданып жүрген гаджеттерсіз өмірімізді елестету қиынға соғады.  Күнімізді тиімді пайдаланып байланысқа желілер арқылы шығу үшін смартфон қаншалықты қажет болса, ӘРПК еліміздің құқықтық саласындағы жария-құқықтық қатынастарды реттеуге  қажет жаңашыл кодекс. 

21ғасыр  ақпараттық ғасыр. Сондықтан әлеуметтік желілерді пайдаланушы азаматтар саны күннен-күнге артып, желі пайдаланушысы қас қағым сәтте мемлекеттік қызметкердің өзіне қатысты шығарған шешіміне шағымы жайлы ойын бір клик арқылы таратып жатады. Қоғамда наразы адамдардың түсініктермелеріне күнделікті тап боламыз. Мемлекеттік органдар whatsApp, Instagram, face book желілері арқылы халықтың пікірлерін, ойларын жеткізу үшін арнайы парақшалар ашты. Call-centre арқылы келеңсіз жағдайларды тиімді әрі жылдам, қолайлы түрде шешіп халықтың алғысын алуда.  Мәселелер үкіметпен естіліп, азамат үшін оң шешімдер қабылданып жатқанына куә болып жүрміз. Осы ретте  әкімшілік рәсімдерді жүргузудегі жаңашыл шешім – ӘРПК-нің  жаңа тетіктері деп ойлаймын. Осының барлығы біздің халық үніне құлақ асатын мемлекетте тұратынымыздың бірден-бір дәлелі.

2020 жылдың 29 маусымында  ӘРПК қабылданды. ӘРПК-ны қабылданған сәттен бастап, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізуге ықпал ететін құрал деп білемін.

ӘРПК тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басақаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуын қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.

ӘРПК жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын әділ, бейтарап және уақытылы шешеді.

 Заңнаманың талабына сай Кодекс, 6 принціптік қағидаттар негізінде заңдылықты, әділдікті, мөлшерлестікті, сенім құқығын қорғауды, формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу және соттардың белсенді рөлі арқылы жеке және заңды тұлғалардың жария-құқықтық қатынастарын алдағы уақытта реттейтініне сенімдімін.

Бейсебек Гүлсезім Байтұрғанқызы- Түркістан облысының Әділет департаменің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімнің бас маманы, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық бірлестігінің мүшесі.

 

Жаңа өзгерістер заман талабы

2020 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Соның ішінде, арнайы атап кетерлігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 2020 жылғы 29 маусымда қабылдануы.

Кодекстің мақсаты – азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына, жоғары тұрған органдар мен сотта билік органдарымен арадағы дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік беретін кепілдемелер жиынтығын жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы  Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген осы Кодекс және еліміздің өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізуді реттейтін өзге де заңдарының ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады.

Кодексте реттелетін қатынастар:

  1. Осы Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.
  2. Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.
  3. Мемлекеттік органдардың осы Кодексте көзделген ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде реттелмеген бөлігінде:
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде, мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың;
  5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің;

       3) Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталары, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Аппараттарының;

       4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараттарының және соттары Кеңселерінің;

       5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының және олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің;

      6) Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары аппараттарының;

       7) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде қолданылады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік және әкімшілік-процестік құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

Кодекс – мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтінін, сондай-ақ, әкімшілік рәсімдердің негізгі міндеттері-жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу, тиімді мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету, жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.

9-бап. Құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау

  1. Әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

      Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

  1. Мемлекеттік органдар – өз құзыреті шегінде, жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен басқа тұлғалардың немесе айқындалмаған тұлғалар тобының бұзылған немесе дау айтылатын заңды мүдделерін қорғау туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.

      Прокурор осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.

  1. Егер заңда дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі белгіленсе, осы тәртіп сақталғаннан кейін сотқа жолданым беруге болады.
  2. Ешкімнің де өзінің келісуінсіз заңда ол үшін көзделген соттылығын өзгертуге болмайды.
  3. Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тартуға мәжбүрлеу заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

           Кодекспен «Татуластыру рәсімдері» кеңінен қолданылады. Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

Жаңа кодекс әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу барысында жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыруына және жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізуге септігін тигізеді.

Аталған Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі қолданысқа 2021 жылдың 01-шілдесінен енгізіледі. Сондықтан, онымен толық, жан-жақты танысып, зерделеу сот жүйесі қызметкерлерінің алдағы жұмысы үшін ерекше маңызды.

Е.Ж.Қарақұлов Бәйдібек аудандық сотының төрағасы