«Е-ӨТІНІШ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

«Е-ӨТІНІШ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгінгі таңда азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіретін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі жүргізілуде. Бұл жоба "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе:

– мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге;

– мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға;

– өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға;

– мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдар жұмысына баға беруге жол ашатын жүйе. Жүйе арқылы мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіледі. Сонымен қатар жұмысты жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қояды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі