«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі  әдістемелік ұсынымдар

 

1-тарау. Жалпы ережелер

Осы Әдістемелік ұсынымдар Тұңғыш Президент-Елбасының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» және «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақалаларын іске асыру шеңберінде өткізілетін және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға бағытталған «Еңбек жолы» конкурсын (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

Конкурсты өткізу мақсаттары:

1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;

5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.

Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.

Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:

1) Үздік еңбек әулеті.

Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;

2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.

Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

3) Өндірістің үздік жас маманы.

Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

 

2-тарау. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ұйымдастырушылар) конкурсты ұйымдастырушылар болып табылады.

Ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді:

1) барлық үміткерлер үшін тең жағдайларды;

2) коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттың құпиялылығын;

3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді ресми жарияланған күннен бұрын жарияламауды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушылар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке куәліктің көшірмесін;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті  (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және

т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);

6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.

Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері

біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

 

3-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жыл сайын конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекітеді.

Конкурс жеңімпаздары осы Әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес іріктеу критерийлеріне сәйкес айқындалады.

Конкурсты өткізу мерзімдері:

1) наурыз – конкурстың басталуы туралы хабарландыру;

2) жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;

3) жыл сайын 10 тамызға дейін – жергілікті атқарушы органдардың жергілікті атқарушы органдар жанындағы конкурстық комиссиялардың шешімдерін, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Министрлікке жіберуі;

4) қазан – қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап ұсынылады.

Конкурс жеңімпаздарына тиісті диплом және

- 1 орын үшін – 1 000 000 (миллион) теңге;

- 2 орын үшін – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

- 3 орын үшін – 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасына ақшалай сертификаттар беріледі.

 

4-тарау. Конкурс комиссиялары

Конкурс жеңімпаздарын іріктеу үшін:

- жергілікті атқарушы органдар жанындағы «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі –    өңірлік комиссия) құрылады.

Өңірлік комиссия өңірлік кезең конкурсының жеңімпаздарын оның қатысушылары арасынан айқындайды;

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – республикалық комиссия) құрылады.

Республикалық комиссия конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары арасынан республикалық кезеңнің жеңімпаздарын айқындайды.

Комиссия:

1) Комиссия төрағасынан;

2) комиссия төрағасы орынбасарынан;

3) Комиссия мүшелерінен;

4) Комиссия хатшысынан құралады.

Комиссиялардың лауазымдық құрамы осы Әдістемелік ұсынымдарға

2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

Конкурсқа қатысушы комиссияда бола алмайды.

Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.

Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

Комиссия шешімдер қабылдаған кезде даулы мәселелер туындаған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия хатшысы комиссия мүшелерінің қарауына жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды ұсынады.

Комиссиялардың міндеттері қатысушылардың материалдарын қарау және конкурс жеңімпаздарын анықтау болып табылады.

Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттамамен ресімделеді.

Министрліктің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Комиссияның республикалық деңгейдегі жұмыс органы болып табылады.

Өңірлік деңгейде жұмыс органын жергілікті атқарушы орган айқындайды.

Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар жүктеледі:

1) конкурстарды өткізу мерзімдері мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың ресми веб-сайттары арқылы хабардар ету;

2) комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;

3) конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру;

4) конкурс жеңімпаздарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі жыл сайын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай» республикалық форумы аясында өткізіледі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және конкурстың республикалық кезеңіне қатысу үшін ұсынылатын қатысушылардың тізімін жариялауды қамтамасыз етеді.

Конкурстық материалдарда қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады және үміткердің жазбаша келісімінсіз оны бағалаудан басқа өзге мақсаттарда пайдалануға болмайды.

 

«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға

1-ҚОСЫМША

«Еңбек жолы» конкурсы бойынша жеңімпаздарды іріктеу критерийлері

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:

Әулеттің барлық өкілдері алған мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, сондай-ақ мадақтау қағаздарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің алғыс хаттарының саны;

Әулет өкілдері болып табылатын отбасы мүшелерінің және олардың туыстарының жалпы саны;

Еңбек әулетінің әулет басшысының еңбек қызметі басталған күннен бастап конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін құжаттар топтамасын ұсынған күнге дейінгі кәсіптегі жалпы еңбек өтілі.

«Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша:

Өзінің кәсіби дағдыларын дамытуға қосқан үлесі;

Өз жұмысына қатысты адалдық;

Ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттерінің болуы;

Еңбегі үшін бірнеше рет көтермелеудің болуы (дипломдар, грамоталар, алғыстар);

Бастамашылық ұсыныстардың болуы;

Кәсіби қызметтен тыс шығармашылық мүдделердің болуы;

Білім деңгейі, оны арттыруға деген ұмтылыс;

Жұмыс орнындағы жеке жетістіктері;

Өз жұмысын орындау сапасы;

*

Жоғарыда аталған критерийлердің талаптары сақталмаған жағдайда Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды қайтара алады.

Байланыс телефондары: 8725-47-5-94-58,8-725-47-5-94-52