Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялайды

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялайды

ХАБАРЛАНДЫРУ

 «Қазығұртауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі КОНКУРСжариялайды.

Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурс 2021 жылы 14сәуір сағат 16-00 деҚазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекені, Қонаев көшесі №2«Д» үйде орналасқан «Кәсіпкерлік мектебі» ғимаратының екінші қабатының мәжіліс залында  өткізіледі.

Өтінімдер беру мерзімі мен орны: Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдау хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан күннен 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін басталады және 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2021 жылы 13сәуірсағат 16-00 ге дейін Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекені, Қонаев көшесі №2 «Д» үйде орналасқан «Кәсіпкерлік мектебі» ғимаратының 1 қабат, № 6 бөлмесінде (кабинет) «Қазығұрт ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады.

 

Конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің сипаттамасы

Ауыл округ атауы

Барлықжеркөлемі

га

Оның ішінде

Жалғаберумерзімі

Жер учаскесінің  пайдаланумақсаты

Біржылдықжалға беру құны 1,0 гектарға,

теңге

Егістік

га

Суармалы егістік

га

Жайылым

га

1

Сарапхана а/о.

15,0

 

 

15,0

10 жыл

А/ш өндірісін жүргізу үшін

15,45

 

Барлығы:

15.0

 

 

15,0

 

 

 

 

  1. Конкурсқа Қазақстан Республикасының жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар (шетелдіктердің қатысуынсыз) қатыса алады.
  2. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы "Ақпараттандыру туралы" Заңына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі.

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандық электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандық органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

4.Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдеЖер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағына сәйкес:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

  1. Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

  1. Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
  2. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
  3. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде

"шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс";

" жылғы __________"_____ " дейін АШУҒА БОЛМАЙДЫ" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

  1. Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
  2. 10. Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
  3. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
  4. Конкурсқа қатысты барлық сұрақтарға жауаптар мен кеңесті Қазығұрт ауданының жерқатынастары бөлімінен алуға болады.

Мекен-жайы: Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекені, Қонаев көшесі № 2 «Д»үйінде орналасқан «Кәсіпкерлік мектебі» ғимараты, тел. 8 (72539) 2-11-34.

  1. Конкурсқа қатысуға өтінімніңнысаны:

Конкурсқа қатысуға өтінім

(заңды тұлғалар үшiн)

(Кiмге)    «Қазығұрт аудандық  жер қатынастары бөлімі» ММ

_____________________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)

(Кiмнен)_____________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы, мекен-жайы)

__________________________________________________________________________________
Осы өтініммен _____________________________________________________________________________

(жер учаскесінің сипаттамасы, жер көлемі)

_____________________________________________________________________________________________

жер учаскесіне жалдау құқығын беру жөніндегі конкурсқа конкурстық құжаттама мен хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес қатысуға ниет білдіремін.

Осы конкурстық өтінімге қоса тіркеледі:

  1. _________________________________________________________________________

(заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер)

  1. __________________________________________________________________________

(жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып,

өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер)

  1. ___________________________________________________________________________

(өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер)

                               4.____________________________________________________________________________

(конкурстық ұсыныс)

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруа немесе фермер қожолығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасауға міндеттенемін.

 

Заңды тұлға үшін:

__________________                                            ____________________________
          (қолы)                                                                       (қызметi, аты-жөнi)

                                               М.О.

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

(жеке тұлғалар үшiн)

(Кiмге)«Қазығұрт аудандық  жер қатынастары бөлімі» ММ

_____________________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)

(Кiмнен) __________________________________________________________________
(өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)

Осы өтініммен_______________________________________________________________________

(жер учаскесінің сипаттамасы, жер көлемі)

_____________________________________________________________________________

жер учаскесіне жалдау құқығын беру жөніндегі конкурсқа конкурстық құжаттама мен хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес қатысуға ниет білдіремін.

 

Өтімім беруші жеке тұлға туралы мәлімет және қос тігілеттін құжаттар тізбесі:

  1. _______________________________________________________________________

(тұрғылықты жері)

1) Азаматтығы:  _____________________________

2) ЖСН:  _____________________________ 

3) Жеке куәлік мәліметтері:  _____________________________________________

  1. ___________________________________________________________________________

(конкурстық ұсыныс)

  1. ___________________________________________________________________________
  2. ___________________________________________________________________________
  3. ___________________________________________________________________________

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруа немесе фермер қожолығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасауға міндеттенемін.

 

Жеке тұлға үшін:

_________________                                              ____________________________
         (қолы)                                                                                  (аты-жөнi)