ҚАРИЯҒА ҚАМҚОРЛЫҚ – ҰЛТҚА КӨМЕК

ҚАРИЯҒА ҚАМҚОРЛЫҚ – ҰЛТҚА КӨМЕК
 
✅ Қарттар күніне орай Төлеби ауданында «Қарияға қамқорлық – ұлтқа көмек» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
 
🌿 Қазақ халқы ежелден үлкенді сыйлап, қарияны құрметтеуді ұрпаққа өнеге еткен. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, елдің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсету – ұлттық құндылықтарымыздың бірі.
 
✅ Осы мақсатта Төлеби аудандық әкімдігі мен Төлеби аудандық «Отбасы қолдау орталығы» бірлесіп, Ленгір қаласында тұратын төрт қарияның шаңырағына арнайы барып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін табыстады.
 
✅ Іс-шара барысында қариялардың жағдайы сұралып, мерекелерімен құттықталып, оларға жылы лебіздер білдірілді. Өз кезегінде ақсақалдар мен әжелер көрсетілген құрмет пен қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға ақ баталарын беріп, алғыстарын жеткізді.
 
⚜️ Қарияға көрсетілген құрмет – ұрпаққа көрсетілген өнеге.
 
✅ Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, жалғызбасты және қарт азаматтарға бағытталған қайырымдылық және әлеуметтік қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі