ҚАРИЯЛАР ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАРҒА ЗИЯРАТ ЕТТІ

ҚАРИЯЛАР ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАРҒА ЗИЯРАТ ЕТТІ
 
✅ Төлеби ауданынан тағылымды сапарға аттанған 50-ден астам қария мен әже тарихи-мәдени және рухани маңызы зор қасиетті орындарға зиярат етті.
 
✅ Сапар барысында аға буын өкілдері Сайрам ауданындағы Ибрахим ата кесенесіне, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесіне және Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, киелі орындардың тарихымен танысты.
 
✅ Қариялар қасиетті мекендерге зиярат етіп, рухани тынығып, өзара әңгіме-дүкен құрды. Сапар барысында арнайы дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.
 
✅ Тағылымды сапар аға буын өкілдеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың өзара араласуына, рухани тынығуына және тарихи-мәдени мұралармен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді.
 
✅ Сапар соңында қариялар осындай игі бастамаға қолдау көрсетіп, саяхатты ұйымдастырған азаматтар мен демеушілерге ризашылықтарын білдірді.
 
✅ Қарияларды қадірлеу, олардың еңбегін бағалау және өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа насихаттау – ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың маңызды бағыттарының бірі. Мұндай игі бастамалар аға буын өкілдеріне деген құрметті арттырып, олардың қоғамдағы белсенділігін қолдауға ықпал етеді.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі