ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ 2026–2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ 2026–2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
 
🇰🇿 Төлеби аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысты.
 
✅ Кезекті сессияның күн тәртібіне ауданның қаржылық және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер енгізілді.
 
↪️ Атап айтқанда, Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №31/184-VIII «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
 
↪️ Сонымен қатар, Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №32/192-VIII «2026–2028 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе талқыланды.
 
✅ Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов баяндама жасап, бюджетке енгізілетін өзгерістер бойынша тиісті ақпарат берді.
 
↪️ Бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және мақсатты пайдалану, сондай-ақ елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
 
⚜️ Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, ауданның 2026–2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі