ТӨЛЕБИЛІК ҰСТАЗҒА МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ ТАБЫСТАЛДЫ

ТӨЛЕБИЛІК ҰСТАЗҒА МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ ТАБЫСТАЛДЫ
 
🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Республикалық тамыз конференциясында білім саласына елеулі үлес қосқан бірқатар педагогке мемлекеттік наградалар табысталды.
 
🎖️ Марапатталған ұстаздар қатарында Төлеби аудандық мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Сәкен Далмырзаев та бар. Білім мен ғылым жолында қажырлы еңбек етіп, шәкірт тәрбиесіне зор үлес қосқан ұстазға «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.
 
✅ Сәкен Далмырзаевтың жетекшілігімен білім алған шәкірттері АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткен робототехникадан әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болып, Қазақстанның көк туын көкке көтерді.
 
👏 Бұл – ұстаз еңбегінің, шәкірт ізденісінің және білімге деген құштарлықтың жарқын жемісі. Төлебилік ұстаздың бұл марапаты – ауданымыздағы білім саласы өкілдерінің кәсіби білімі мен тынымсыз еңбегіне берілген жоғары баға.
 
🌿 Сәкен Далмырзаевты мемлекеттік марапатымен құттықтай отырып, шәкірт тәрбиесіндегі еңбегіне толағай табыс, шығармашылық ізденіс және биік белестер тілеймін!
 
Ізгі тілекпен,
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов