ОРДАБАСЫЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР – ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА!

ОРДАБАСЫЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР – ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА!
 
🇰🇿 Ауданаралық мәдени байланысты нығайту, шығармашылық әріптестікті арттыру және өнерпаздар арасында тәжірибе алмасу мақсатында Ордабасы аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары Төлеби аудандық Мәдениет үйінің арнайы шақыртуымен «Төлеби өрнектері» мәдени іс-шарасына қатысты.
 
✅ Мәдени кеш барысында Ордабасыдан келген өнерпаздар әсем әнмен ұлттық өнердің мәйегін көпшілік назарына ұсынып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
 
✅ Өнерпаздардың әрбір әні көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленіп, мәдени кеш өзара сыйластық пен шығармашылық үндестіктің жарқын көрінісіне айналды.
 
🌿 Өнер – ұлттың рухани қазынасы, ал мәдени байланыс – ел бірлігін нығайтатын алтын көпір!
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі