ЕКІ БІРДЕЙ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

ЕКІ БІРДЕЙ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

Тасарық ауылдық округіне қарасты Ханарық елді мекенінде бірнеше уақыт  ауыз су тапшылығы орын алып келген болатын. Бүгінде осы мәселені шешу мақсатында елді мекеннің 7 шақырым болатын ауыз су құбырларына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, Қаратөбе елді мекенінен өтетін топтасқан  орталықтандырылған құбыр суына қосу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде 260 абонент 24 сағат ауыз сумен қамтылып отыр.

Сонымен қатар Қасқасу ауылдық округіне қарасты Қасқасу елді мекенінде де жоғарыдағыдай мәселе орын алып келді. Оның себебі - елді мекеннің негізгі су көзі «Қамай» бұлақтың көлемі азайып кеткен. Ауыз су көлемін ұлғайту үшін Керегетас елді мекеніндегі «Жаңғақты» бұлағына бұрын жүргізілген, тозығы жеткен 750 метр ескі су құбырын ауыстыру жұмыстары жасалды. Қазіргі таңда 356 абонент үздіксіз ауыз су пайдалануда.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі