ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
 
🇰🇿 Бүгін Төлеби ауданы әкімінің орынбасарлары Бағдатбек Жанғазиев, Ғалымжан Төлегенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
 
✅ Қабылдауға ауданның 10 тұрғыны жазылып, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Тұрғындар тарапынан тұрғын үй, тұрғын үй кезегі, ауыз су, жол және сумен қамту мәселелері көтерілді.
 
✅ Атап айтқанда, Ленгір қаласының тұрғындары тұрғын үй мәселесі мен тұрғын үй кезегіне қатысты өтініштерін білдірсе, ауыл тұрғындары ауыз су және жол мәселелерін ортаға салды. Сонымен қатар С.Әбдікерім көшесіне жол салу мәселесі де қаралды.
 
✅ Аудан әкімінің орынбасарлары әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлімдер мен мекеме өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді.
 
🌿 Жеке қабылдау барысында азаматтардың өтініштері заң талаптарына сәйкес қаралып, мәселелерді шешу жолдары айқындалды. Жауапты мамандарға берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі