
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар бөлімі мен тиісті қызметтер жедел жұмылдырылып, өртті сөндіру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда тілсіз жаумен күрес жұмыстары екінші күн қатарынан жалғасуда. Өртті сөндіруге 13 арнайы техника жұмылдырылып, өрттің одан әрі таралуына жол бермеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде.