ТАҢҒЫ СЕРГЕКТІК – ІЗГІ ТІЛЕКПЕН, АНА ТІЛІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

ТАҢҒЫ СЕРГЕКТІК – ІЗГІ ТІЛЕКПЕН, АНА ТІЛІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ
 
🇰🇿 Бүгін Төлеби ауданының Жастар стадионында аға буын өкілдерінің қатысуымен өткен таңғы сергек жаттығу көтеріңкі көңіл күй мен ерекше рухани әсерге толы болды. Таңғы самалдың саф ауасымен тыныстап, бой сергіткен қатысушылар бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, күнді мейірім мен ізгі ниеттен бастады.
 
✅ Бұл таңның айрықша мәні – әрбір жылы лебіз бен жүрекжарды тілек ана тілімізде өрілгендігінде. Себебі ана тілі – ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы, жүректегі ізгі ойды жүрекке жеткізетін қасиетті көпір. Ана тілінде айтылған әрбір ақ тілек ұлттық болмысымызды айшықтап, бірлігімізді бекемдей түседі.
 
✅ Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық сусын – қымыздан дәм татып, қазақтың дарқан дастарқаны мен салт-дәстүрінің қадір-қасиетін дәріптеді. Сергектікке, салауатты өмір салтына және ұлттық құндылықтарға үндеген бұл тағылымды таң әрбір жанның жүрегіне шуақ сыйлады.
 
✅ Ақ тілектен басталған таң игі істерге ұласып, ана тіліміздің көркем үнімен әрленген жарқын күнге жалғасты. Денсаулық пен татулықты, рухани құндылық пен ұлттық бірегейлікті ұлықтаған бұл игі бастама көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі