
Жиын барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы өңірдегі ауыз сумен қамту саласының бүгінгі ахуалына жан-жақты тоқталып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндама жасады. Әсіресе, сумен жабдықтау жүйелерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және елді мекендердің инженерлік әлеуетін арттыру мәселелеріне баса назар аударылды.