ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
 
🇰🇿 Төлеби ауданының табиғи байлығы мен туристік әлеуеті халықаралық ақпарат кеңістігінде кеңінен насихатталуда. Осы мақсатта «Euronews» халықаралық телеарнасының тілшісі Меруерт Жакиянова ауданға арнайы іссапармен келіп, өңірдің көрікті табиғаты мен туризм саласындағы даму бағыттарына арналған арнайы репортаж әзірледі.
 
✅ Іссапар аясында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы ауданның туристік әлеуетін таныстырып, Сайрам–Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи ерекшеліктері, туристерді тарту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және саланы дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
 
✅ Түсірілім барысында Сайрам–Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметі, табиғи экожүйені сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ өңірдің туристік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және ішкі әрі халықаралық туризмді дамытуға бағытталған бастамалар кеңінен қамтылды.
 
✅ Репортажда ұлттық парктің қайталанбас табиғаты, көркем шатқалдары мен тау сілемдері, биоалуантүрлілігі және экологиялық туризмді дамытудағы маңызы жан-жақты көрсетілді. Сонымен қатар туристерге қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру және табиғи мұраны сақтай отырып, тұрақты туризмді дамыту бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
 
✅ Төлеби ауданы бүгінде Түркістан өңіріндегі туризмнің маңызды орталықтарының біріне айналып келеді. Әсем табиғаты, саф ауасы мен ерекше ландшафты арқылы аудан жыл сайын мыңдаған отандық және шетелдік туристің қызығушылығын арттырып келеді.
 
📍 Халықаралық деңгейдегі беделді ақпарат құралының өңірге назар аударуы Төлеби ауданының туристік әлеуетін әлемдік аудиторияға танытуға, табиғи мұрасын кеңінен насихаттауға және өңірдің инвестициялық әрі туристік тартымдылығын одан әрі арттыруға ықпал етпек.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі