
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды.

Күн тәртібіне сәйкес, алдымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегін жүргізу тәртібі мен тұрғын үйді жалға алу төлемдерін субсидиялау тетіктерінің жүзеге асырылуы сараланып, жауапты сала басшыларына заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып, жұмыстың тиімділігін арттыру тапсырылды.