Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекетіміздің мақтанышы, ел бірлігі мен жасампаздықтың жарқын символы. Бас қаламыздың қарқынды дамуы – Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің айқын көрінісі.
Бүгінде елордамыз заманауи келбетімен, сәулетті ғимараттарымен, маңызды бастамаларымен және халықаралық беделімен еліміздің мерейін асқақтатып келеді.
Баршаңызды Отанымыздың өркендеуі жолында бірлесе еңбек етіп, Президентіміз айқындаған «Заң мен Тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын қолдауға шақырамын.
Осынау айтулы мерекеде әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, мол ырыс тілеймін! Еліміз тыныш, бірлігіміз бекем, Астанамыздың абыройы асқақтай берсін!