Баршаңызды ұлттық рухымызды ұлықтайтын Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Домбыра – халқымыздың сан ғасырлық тарихын, мәдениеті мен рухани болмысын айшықтайтын қасиетті мұра. Қос ішектен төгілген күй – ел бірлігі мен ұлттың асқақ рухының, ата-баба аманатының жарқын көрінісі.
Ұлттық өнерімізді дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойына халқымыздың төл құндылықтарын сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қара домбыраның күмбірі ұлт рухын асқақтатып, халқымыздың мәдени мұрасын әлемге таныта берсін.
Осынау қасиетті өнерді насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап жүрген өнерпаздарға, күйші-домбырашыларға, ұстаздар мен мәдениет саласының қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін.
Ұлттық Домбыра күні құтты болсын! Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, елімізге бірлік пен өсіп-өркендеу тілеймін!