
Аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысының бастамалары мен реформаларын халыққа жан-жақты түсіндіруде, ел мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуда бұқаралық ақпарат құралдарының айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

Журналист – қоғамның үні, елдің шынайы шежіресін жазатын тұлға. Сіздер Мемлекет басшысының реформаларын халыққа жан-жақты түсіндіріп, қоғам мен билік арасындағы алтын көпірге айналып келесіздер. Жағымды жаңалықтар арқылы елдің еңсесін көтеріп, орынды сын-пікірлеріңізбен қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуына ықпал етіп жүрсіздер. Бұл – үлкен жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететін абыройлы қызмет. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, шығармашылық шабыт, толайым табыс және отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді Бағдатбек Пердебайұлы.