23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиында мемлекеттік қызмет қатарына жаңадан қабылданған жас мамандар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі антын қабылдады.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жас мемлекеттік қызметшілерді мерекемен құттықтап, олардың алдағы қызметтеріне табыс тілеп, ел мүддесіне адал қызмет ету – үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Сондай-ақ жастарға кәсіби біліктіліктерін арттырып, халық игілігі жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Мерекелік жиында мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызы кеңінен айтылып, халыққа сапалы қызмет көрсету, заңдылықты сақтау, адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Ант қабылдау рәсімі жас мамандардың мемлекеттік қызметтегі алғашқы маңызды қадамдарының бірі ретінде өтіп, олардың Отан мен халық алдындағы жауапкершілігін айқындай түсті.