
– Адам өмірі мен денсаулығын сақтауды басты мұрат еткен сіздердің еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық. Кез келген уақытта халықтың саулығы үшін аянбай еңбек етіп, жауапты міндеттеріңізді абыроймен атқарып келесіздер. Кәсіби шеберліктеріңіз, адамгершілік қасиеттеріңіз бен жанашырлықтарыңыз талай жанға үміт сыйлап, өмірге деген сенімін нығайтып келеді, – деді ол.