
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй кезегіне тұру, пәтерлерді жекешелендіру, апатты жағдайдағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарын жаңа баспанамен қамтамасыз ету, жер құжаттарын заңдастыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көпір құрылысы, көшелерге түнгі жарық шамдарын орнату және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол кедергілерін орналастыру, жаңа мектеп ашу жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.