
Еркеғали Әлімқұлов Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен инвестициялық әлеуеті туралы баяндап, туризм, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бағыттарындағы мүмкіндіктерге тоқталды. Сонымен қатар, Төлеби ауданы мен Ташкент облысының Бостанлық ауданы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның маңызы атап өтілді.