
Құжат аясында сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға, кәсіпкерлік субъектілері арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға және сыртқы сауда үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, трансшекаралық, тау және экологиялық туризм, медицина мен денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту жоспарлануда.