
Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік қолдау, жер қатынастары, тұрғын үй және коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, кондоминиум жерінің құқықтық мәртебесі, жер құжаттарын заңдастыру, тұрғын үй кезегі, әлеуметтік көмек көрсету, шипажайға жолдама алу, санитариялық талаптарды сақтау және су тасқынының салдарын жою мәселелері бойынша сауалдар қойылды.