
Аудан әкімдігінің ашық кеңсе залында өткен қабылдауда тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін жеткізді. Ашық диалог алаңына айналған кездесуде тұрғындар негізінен тұрғын үйге қатысты сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, тұрғын үй кезегіне тұру, кезектің жылжу барысы, әлеуметтік пәтерлерді бөлу шарттары, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жөндеу, сондай-ақ коммуналдық салаға қатысты мәселелер көтерілді.