
🇰🇿 ҚР Үкіметі аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторы Жәнібек Ахметов Төлеби ауданына арнайы іссапармен келіп, өңірдегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты.
✅ Сапар барысында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловпен бірге Ленгер қаласындағы 5 қабатты, 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің жай-күйі назарға алынды. Заманауи талаптарға сай бой көтерген жаңа баспаналар тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілген.
ҚР Үкіметі Аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы Жәнібек Базылұлы тұрғындармен кездесу барысында тұрғын үйлердің құрылыс сапасы мен жасалған қолайлы жағдайларға ерекше тоқталып, бұл жобалардың халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама екенін атап өтті.
✅ Сонымен қатар, Зертас ауылдық округіне қарасты Шомшақты ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің қызметі де зерделенді. Медициналық нысанның қазіргі жай-күйі бағаланып, ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
↪️ Іссапар аясында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасып жатқаны айқын көрініс тапты.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі