Ардақты ұстаздар! Құрметті оқушылар мен мектеп бітіруші түлектер!

Ардақты ұстаздар! Құрметті оқушылар мен мектеп бітіруші түлектер!
 
Сіздерді оқу жылының сәтті аяқталуымен және Соңғы қоңырау соғылуымен шын жүректен құттықтаймын!
 
🇰🇿 Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Биылғы оқу жылында Төлеби ауданында 3 «Келешек» мектебі пайдалануға берілді.
Биылғы оқу жылында ауданымызда барлығы 1818 түлек мектеп бітірді. Оның 103 оқушысы «Алтын белгіге» үміткер болса, 156 оқушы үздік аттестатқа ие болады.
 
✅ Бұл күн – шәкірттердің білім мен тәрбие жолындағы еңбегінің қорытындыланатын, ұстаздардың адал еңбегі мен ата-аналардың қамқорлығы айқын көрінетін қуанышты сәт. Мектеп қабырғасындағы жарқын естеліктер, достық пен ізденіске толы күндер әрқашан жүректеріңізде сақталсын.
 
📍 Түлектерге ақ жол, үлкен өмірде сәттілік пен биік белестер тілеймін! Ал жас ұрпақтың сапалы білім алып, ел болашағына қызмет ететін азамат болып қалыптасуына тілектеспін.
 
Ізгі тілекпен,
аудан әкімі
Еркеғали Әлімқұлов