
Биылғы жарыста қатысушылар шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, киберспорт, баскетбол 3х3 және қазақ күресі сынды спорт түрлерінен бақ сынауда. Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиаданың алғашқы күнгі қорытындысы бойынша Төлеби ауданының құрамасы жоғары нәтиже көрсетуде. Атап айтқанда, қазақша күрестен І орын, тоғызқұмалақтан І орын иеленсе, жүзу спортынан IV орынға тұрақтады. Сонымен қатар футболдан аудан құрамасы өз тобында І орынмен келесі кезеңге өтті. Ал волейболдан тартысты ойын өрнегін көрсетіп, топтық кезеңде ІІІ орын иеленді.