
Сонымен қатар, аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы Абай елді мекеніндегі ауыз су мәселесімен танысып, тұрғындарды таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеді. Сондай-ақ, ауыз судың дебитін анықтау мақсатында бұлақ көздерімен танысып, олардың әлеуетіне назар аударды. Жауапты мекеме өкілдеріне жүйедегі өзекті мәселелерді жан-жақты саралап, нақты әрі тиімді шешу жолдарын қарастыруды міндеттеді.