
Мәжілісте аудан аумағындағы қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары да қаралды. Бұл мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жандос Бегалиев баяндама жасап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді. Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, тұрғындар тарапынан келіп түсетін өтініштерге дер кезінде назар аударуды тапсырды.