Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты
 
🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты.
 
🟦Газиантеп провинциясының Нурдагы қаласында орналасқан заманауи білім ошағында 32 бастауыш және 4 мектепке дейінгі сынып қарастырылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 6 мың шаршы метр.
 
🟦Білім беру кешені мамандандырылған оқу кабинеттерімен, зертханалармен, мәжіліс залымен, кітапханамен жабдықталған.
 
🟦Мектеп аумағында амфитеатр, спорт және балалар ойын алаңдары мен қазақтың ұлттық киіз үйі стилінде жасалған шатырлар бар.
 
🟦Құрылыс барысында жоба Түркияның қауіпсіздік талаптары мен қазіргі нормаларына сай жетілдіріліп отырды.
 
🟦Өңірдің ерекшелігіне бейімделген инженерлік шешімдер арқылы сейсмикалық қауіпсіздік, ылғалдан сақтау және жылу үнемдеу жүйелері қолданылды.
 
🟦2023 жылдың 6 ақпанындағы жойқын зілзаладан зардап шеккен өңірге арналған жаңа мектеп салу бастамасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтергені белгілі.