
Туған өлкенің өркендеуіне табанды еңбегімен сүбелі үлес қосып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, көркеюі мен гүлденуіне белсене атсалысып жүрген Киелітас ауылдық округінің тұрғыны Османов Могруф Магарамұлы және адам денсаулығын сақтауды өмірлік мұратына айналдырған Достық дәрігерлік амбулаториясының аға мейірбикесі Тынышбек Индира Бахытбекқызы «Үздік еңбек адамы» номинациясымен марапатталды.