АУДАН ӘКІМІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАДЫ
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Алатау ауылдық округіне арнайы іссапарымен барып, елді мекендердегі инфрақұрылымдық мәселелердің шешілу барысымен және әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Жұмыс барысында аудан басшысы халықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жобаларға ерекше назар аударды.
 
✅ Алдымен аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы Біркөлік шатқалында нөсер жауын кезінде таудан аққан судың тұрғын үйлер ауласына жайылу мәселесімен танысты. Осыған байланысты үйлер арасына су ағар науаларын орнату мәселесі қарастырылып, олардың нақты орналасу орындары зерделенді. Бұл бастама алдағы уақытта су бұру жүйесін реттеп, тұрғын үйлерді су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді.
 
✅ Сонымен қатар, аудан басшысы Шұбарағаш және Қосағаш ауылдарында инвесторлар есебінен салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылыс барысын тексерді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Заманауи үлгідегі медициналық нысандарды осы жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
 
✅ Жаңа медициналық бекеттер ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, сапалы қызмет көрсетуге жол ашады. Халық игілігі жолындағы мұндай жүйелі жұмыстар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі