Құрметті аналар мен ардақты әжелер! Аяулы арулар!

Құрметті аналар мен ардақты әжелер! Аяулы арулар!
 
🇰🇿 Сіздерді мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтілетін – Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
⚜️ Ана – тіршіліктің бастауы, отбасының берекесі мен ырысы, ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен шексіз махаббаттарыңыз, ақыл-парасаттарыңыз бен даналықтарыңыз қоғамымыздың дамуына ерекше үлес қосып келеді.
 
✅ Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке, дендеріңізге саулық тілеймін. Әрдайым балаларыңыздың қызығын көріп, құрмет пен қуанышқа бөлене беріңіздер!
Аналар күні құтты болсын!
 
Ізгі тілекпен,
аудан әкімі
Еркеғали Әлімқұлов