ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!
 
🇰🇿 Бүгін Ленгер қаласындағы Орталық саябақта өткен «Еңсесі биік – Ұлы Жеңіс» атты салтанатты жиын ел қорғаған ерлердің өшпес ерлігіне тағзым жасап, кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық мәнді басқосуға айналды.
 
✅ Мерекелік шара майдан даласында жанын қиған боздақтардың рухына құрмет көрсетуден басталды. Жиналған жұртшылық ескерткіш алаңына гүл шоқтарын қойып, Отан үшін от кешкен қаһармандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
 
⚜️ Салтанатты жиында сөз алған Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев аудан тұрғындарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, бейбіт өмірдің бағасы мен батырлардың жанқиярлық ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Ол бүгінгі бейбіт күн – қан майданда Отан үшін жанын берген азаматтардың аманаты екенін ерекше жеткізді.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Ақтаев майдангерлердің ел үшін сіңірген еңбегі мен өшпес ерлігі туралы тебірене сөз сөйлеп, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елге адал қызмет етуге тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
 
📌 Тағылымды шара барысында ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі