АУДАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЙІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

АУДАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЙІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ
 
🇰🇿 Түркістан облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырған “Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам” атты инновациялық идеялар облыстық байқауына аудандық оқушылар үйінің шәкірттері қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
 
✅ Байқау барысында жас өнертапқыштар өздерінің шығармашылық ізденістері мен техникалық шеберліктерін көрсетіп, түрлі бағыттар бойынша жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, “Әуе және кеме модельдеу” үйірмесінің оқушылары бірқатар номинациялар бойынша І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
 
✅ Атап айтсақ, №16 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Тулапбеков Умиджан «Кеме модельдері» (Ф-2-А) бағыты бойынша І дәрежелі дипломға ие болды. Осы мектептің 10-сынып оқушысы Тулапбеков Элярбек «Кеме модельдері» (FSR-Eco Mini Expert) және «Ғарыштық және аэроғарыштық инновациялар» бағыттары бойынша І дәрежелі дипломдарды жеңіп алды.
 
✅ №15 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Абдумалик Сұлтанмахмут «Су көлігі және экологиялық технологиялар» саласындағы техникалық құрастыру бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ал №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Хасан Ескендір «Ғарыштық және аэроғарыштық инновациялар» бағытындағы техникалық құрастыру және «Кеме модельдері» номинациялары бойынша І дәрежелі диплом иегері атанды.
 
⚜️ Бұл жетістіктер – аудандық оқушылар үйі шәкірттерінің білімге деген құштарлығы мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ жетекшілерінің кәсіби біліктілігінің айқын көрінісі.
Жеңімпаз шәкірттерді дайындаған “Әуе және кеме модельдеу” үйірмесінің жетекшісі Кебекбаев Назарбек Пірімбекұлының еңбегі зор. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде оқушылар облыстық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі