
2025 жылы жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын «KazPlast» ЖШС-нің «Дана» тігін фабрикасы жаңа ғимаратқа көшіп, өндіріс ауқымын кеңейтті. Заманауи талаптарға сай жабдықталған кәсіпорын жылына 90 мың дана қысқы арнайы жұмыс киімін өндіруге қауқарлы. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік берді.