
Халқымыз «Ынтымақ бар жерде ырыс бар» деп бекер айтпаған. Төлеби бабамыздың «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген даналық сөзі де бүгінгі қоғам үшін маңызын жойған жоқ. Бүгінде ауданымызда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Бұл – бірлігіміздің айқын көрінісі.