
Алғашында медициналық бағыттағы мамандарды даярлауға басымдық берген білім ордасы бүгінгі таңда өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, педагогикалық және туристік бағыттағы жаңа мамандықтарды енгізді. Мұнда акушер, фельдшер, жалпы практикадағы мейіргер, фармацевт, тіс технигі, қолданбалы бакалавр мейіргері, бастауыш білім беру мұғалімі, мектепке дейінгі тәрбиеші және 2025 жылдан бастап «Туризм менеджері» мамандығы бойынша білім беріледі.